Ислам – ақыл-ой мен ғылым діні. Ислам діні ақылға ерекше мән бере отырып, діни құлшылықтарды дұрыс орындау үшін ақылды болуды талап етеді. Білімге үлкен мән берген дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әрбір мұсылман үшін парыз екендігін білдірген.
Мұсылмандық парызымды ұстанып, білімімді тереңірек жетілдіру үшін 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне, “Ислам философиясы” мамандығына магистратурасына оқуға тапсырдым. Аллаһ сәтін салып грантқа түстім. Әлемдік топ 200 жоғарғы оқу орындарының қатарына кіретін университетте білім алудың өзі үлкен нығмет. Оқытушылық-профессорлық құрам білікті мамандардан құралған. Алғашқы оқу күнінен барлығы қысқа да нұсқа оқу процесін түсіндіріп, заман талабына сай білім азығын берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі тағы бір керемет мүмкіндік қос дипломды білім алу. Қос дипломды білім беру бағдарламасы жан-жақты сапалы білім беруді қамтамасыз ететін тиімді жүйе. Бұл бағдарлама – студенттер үшін екі жыл ішінде екі аккредиттелген магистр дәрежесін алудың бірегей мүмкіндігі. Осы бағдарлама бойынша Болгария елінің астанасы София қаласындағы, мықты жоғарғы оқу орны - СВ.Климент Охридский Софийски университетінің политология мамандығына тапсырдым.
Екі университет арасындағы келісім шарт тиянақты жасалғаны соншалық, мені Болгарияда арнайы оқутышы күтіп алып, бар жағдайымды жасады. Оқу ақысы да өте тиімді. Бұл бағдарламаны маған ұсынған аға оқутышу, профессор Альджанова Нұрлыхан Қожабергеновна алғыс айтамын. Өзі әрі менің ғылыми жетекшім, жоғары білікті, кез - келген сұрағыңа жауап беріп, жол көрсетеді.
Философия және саясаттану факультетінің деканы Масалимова Алия Рмгазиновна, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Курманалиева Айнұр Дурбелиновна оқутышылардыдың еңбектерін атап өту керек. Факультет пен кафедра жұмыстарына ұқыпты система орнатқан. Ілім іздеп, оқимын деген адамға мүмкіншілік кеңінен жасалған.
2020 жылы бүкіл әлемдегі өзгерістерге себеп болған пандемия заманында да оқуымыз еш кедергісіз жалғасын тауып, онлайн жалғастырдық.
Мақсаты айқын адамға, жаратушы жолын ашып береді екен. Баршамызға белгілі «Зүмәр» сүресінің 9-аятында Алла Тағала адам баласына: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» деп, білімнің көшелі қасиет екенін ескертіп, әрбір мұсылман баласына надандықтан арылуға ишарат жасайды. Ілім-ғылымның, терең білімнің діні болған Исламның дамуы үшін надандық пердесін түріп, білім жарығына ұмтылдым. Құран және хадистерді толық түсініп, осы ақиқат жолында қызмет ету бар мақсатым.
Бұйырса осы жылы қос дипломымды алып, қос қанатты құстай ұшып, еліміздің жарқын болашағына бар үлесімді қосамын. Аллаһ жолындағы адамдық парызымды абыроймен орындауды жазсын.
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
“7M02206 Ислам философиясы” (СУ, Болгария) мамандығының 2-курс магистранты
Оразбеков Мақсат
https://kaznu.kz